Зимбабвені 37 жыл басқарған президент Роберт Мугабе 95 жасқа қараған шағында қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ, Африканың қазіргі президенті Эммерсон Мнангагваның Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Зимбабвенің негізін қалаушы және еліміздің бұрынғы президенті Роберт Мугабе қаза болды деген хабарды қайғыра жариялаймын», – деп жазды Эммерсон Мнангагва.
Роберт Мугабе Зимбабвені 1980 жылдан бастап 2017 жылға дейін басқарған болатын.
2014 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін ол әлемдегі ең жасы үлкен президент саналды.