Бүгінде «адамзат алғаш жаратылғанда Африка құрлығына түсірілген екен», «ежелгі египеттіктер – африкалық мұсылмандар» дегендей қатып қалған түсінік бар. Алайда, неміс ғалымдары әлем жұртшылығы санасында ғасырлар бойы қалыптасқан сол ұғымның көбесін сөгіткендей болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін журналист Қанат Ескендір фейсбуктегі «КИГІЗ КІТАП» тобына осыған қатысты ақпарат жариялады.
«Немістің Макс Планк (Max Planck Institute for the Science of Human History) және Тюбинген университетінің (University of Tuebingen) ғалымдары жасы 3500 жылдан 1500 жылға дейінгі египеттік 90 мумияның генін жаңғырта отырып, оларды бүгінге дейін «Африка құрлығынан шыққан» деп келген болжамды жоққа шығарыпты», – дейді автор.
Неміс ғалымдарының дәлелінше, Египет мумияларының дені түріктекті болған және олар Израиль, Иордания, Сирия, Ливан, Грузия мен Абхазия мемлекеттері орналасқан елдер мен Оңтүстік Еуропа маңынан келген көрінеді.