$ 494.87  520.65  4.91

Ингушетияда мүфтият таратылды

Мартазанов 20 жыл Ингушетия қадиятын басқарған.

Ресей федерациясы құрамындағы Ингушетия республикасының Жоғарғы соты Ресей әділет министрлігі аймақтық басқармасының Ингушетия мүфтиятын тарату жайлы талабын қанағаттандырды. Бұл туралы "Интерфакс-Юг" агенттігі хабарлады.

2015 жылдың соңында Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров республика мұсылмандары діни басқармасының жұмысын сынап, мүфти Иса Хамхоевқа қызметтен кету жайлы ұсыныс айтып, жаңадан мүфти сайлауын өткізуге шақырған. Қазақстанның Алматы қаласында дүниеге келген 57 жастағы Иса Хамхоев 15 жылдан астам уақыт Ингушетия мүфтиі болып діни қызмет атқарған. Ол 2014 жылы шілдеде мүфти қызметіне үшінші рет сайланған.

Биылғы шілденің басында республикадағы елдімекендер имамдары мұсылмандар діни басқармасында өткен кеңес қорытындысы бойынша, Ресей бас прокуроры Юрий Чайкаға жақында мүфтиятта болған тінту мен тергеудің қаншалықты заңды екенін тексеруді сұрап, өтініш беруді ұйғарған. 17 шілдеде ашық дауыс беру жолымен өткен сайлау нәтижесінде Ингушетия мұсылмандарының әлімдер мен имамдар кеңесінің мүшелері Абурахман Мартазановты Ингушетия мүфтиі етіп сайлаған. Мартазанов 20 жыл Ингушетия қадиятын басқарған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Муфтият