$ 494.87  520.65  4.91

Түрік қызы үнді жігітіне тұрмысқа шықты (ВИДЕО)

3 жыл бұрын танысқан шетелдік жігітке Салиха түрікше үйретіп жүрген.

Түрік қызы Салиха Джейлан құрылысшы-инженер мамандығы бойынша білім алып жатқан үндістандық Ахмет Фауазға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды «TRT Haber» телеарнасы.

3 жыл бұрын танысқан шетелдік жігітке Салиха түрікше үйретіп жүрген. Кейін олардың ара қатынасы махаббатқа ұласқан. Олардың тойы Түркияның Кайсері қаласындағы Бүнян ауданында өтті.

«Өте қиын болды. Ең басында отбасым қарсы болды. Мәдениетіміз, тіліміз басқа, тек дініміз бір еді. Мен де отбасыма бақытты болу үшін бұлардың кедергі болмайтынын айттым. Олар Фауазды тани келе көнді әйтеуір», - дейді Салиха.

Фауаз мыңдаған шақырымнан Самсун қаласына білім алу үшін келген. Ол да қыздың туыстарының уақыт өте келе жүректерінен орын алғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Üniversite öğrencisi Saliha Ceylan, yaklaşık 3 yıl önce tanıştığı Hindistanlı inşaat mühendisliği öğrencisi Ahmet Fawaz’a Türkçe öğretmeye başladı. Arkadaşlıkları zamanla aşka dönüşen çift için Kayseri’nin Bünyan ilçesinde Hint ve Türk geleneklerine göre düğün yapıldı.

Публикация от TRT Haber (@trthaber)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары