«Олар мені тоқтатуға тырысып жатыр. Өйткені, мен сіздер үшін арпалысып жатырмын», – деп мәлімдеді Трамп өзінің қазір ғана жариялаған ролигінде, деп жазады alashorda.kz, журналист Александр Кушнарьдің мақаласына сілтеме жасап.
Күткендегідей, қиын жағдайда ол өз сайлаушыларына сөз арнайды. Бұл – Ақ үй басшысының жағдайдың тым күрделі екендігін түсіне бастағаны. Юридикалық аргументтері жоқ, ал заңсыздықтарының дәлелдемелері артып барады.
Саяси қолдау, тіпті, республикашылдар арасында да төмен, орта буын шенеуніктер оны алғашқы мүмкіндікте-ақ түтіп жеуге бар. Ал жоғарғы буын арасында Жулиани сияқты коммерциялық мүддесін ойлайтындар болмаса, идеялық тұрғыда оны қолдайтын бірде-бір ауыр салмақтағы саясаткер қалған жоқ.
Барлық алаяқтардың сүйікті ресурсы сияқты, оның да тобырға арқа сүйеуі ғана қалды. Бірақ тобыр да оны барлық уақытта қолдай бермейді.
«Чушь! – деп жауап берді твиттерде оған жазушы-публицист Энди Острой. – Біз қайта сені тоқтатуға тырысып жатырмыз. Өйткені, сен барып тұрған өтірікші, қатынқұмар, коррупцияшыл сатқын-социопат, нәсілшіл, өз міндетін атқаруда қолынан боқ та келмейтін топас, Американың ұлттық қауіпсіздік мүддесінен өз мүддесін әрқашан жоғары қоятын адамсың».
Аударған Қуаныш Еділхантегі