01.10.2019, 12:00

Зәбірленуші аюдың шабуылынан кейін тірі қалды

фото: realfacesofanimalrights.com
Оның бетінде, басында және қолында аңның шабуылынан іздер, түрлі деңгейдегі жарақаттар бар.

Ашулы аюмен бетпе-бет жолығып қалған Забайкалье өңірінің азаматы өлімнен аман қалды, деп хабарлайды Skifnews порталы, ТААС-қа сілтеме жасап.

Ер адам жабайы аюдың шабуылынан таңғаларлық жағдайда аман қалыпты. Себебі, аю ашулы еді. Бұл оқиға Токчин ауылының маңында болған. 

Аюдың шабуылынан тірі қалған азамат бірнеше жерден жарақат алған. Мәселен оның бетінде, басында және қолында аңның шабуылынан іздер, түрлі деңгейдегі жарақаттар бар. Зәбірленуші жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Осы оқиғадан кейін аудан әкімдігі бұл аңды аң инспекторының атып өлтіргенін мәлімдеді.

Әлгі аю бұған дейін Сахалиндегі балық аулау лагерінің күзетшісін өлтірген екен.   

Тегтер: шабуыл аю