$ 494.87  520.65  4.91

Тыңшылық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді

Өлім жазасына кесілген сотталушының есімі жоғары сотта кассациялық шағымы қаралмайынша жарияланбайды.
фото: azattyq.org. Тегеран соты
фото: azattyq.org. Тегеран соты

Иран соты «АҚШ-қа тыңшылық жасады» деп айыпталған екі адамды он жылға соттады, бір адамды өлім жазасына кесті. Тағы бір адам «Ұлыбританияға тыңшылық жасады» деп айыпталып, он жылға сотталды. Бұл ақпаратты Иранның сот органдары хабарлады , - дейді azattyq.org.

Сот жүйесінің ресми өкілі Голамхосейн Эсмаилидің айтуынша, өлім жазасына кесілген сотталушының есімі жоғары сотта кассациялық шағымы қаралмайынша жарияланбайды. Қалған үш сотталушының аты-жөндері белгілі: Али Нафарие (10 жыл), Мохаммадали Бабапур (10 жыл) және «британ барлау қызметіне жұмыс істеді» деп айыпталған Мохаммад Амин Насаб (10 жыл).

Шілде айында Иранның барлау министрлігі астыртын жұмыс істеген «ЦРУ желісін әшкерелегенін» мәлімдеп, 17 адам ұсталғанын хабарлаған. Үкімі оқылған адамдардың бұл іске қатысы бар ма, жоқ па, белгісіз. АҚШ бұл үкімге байланысты әзірге түсініктеме бермеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары