06.10.2019, 07:35

Румынияда жол апаты боп, 10 адам қаза тапты

Фото: 24.kz
Қазір тергеу жүріп жатыр.

Румынияның оңтүстік-шығысында шағын автобус пен жүк көлігі соғысып, 10 адам опат болды, деп жазады 24.kz.

Тағы 17 жолаушы жарақат алды. Оқиға Яломица уездіндегі Сфанту Георге ауылының маңында болған. Мұнда жүк көлігі белгісіз себептерден қарсы жолға шығып кетіп, шағын автобусты соққан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін екенін хабарлады.

Тегтер: румыния