07.10.2019, 07:39

АҚШ-та әлдекім дәмханада отырған жұртқа оқ атып, 4 адам қаза тапты

Фото: 24.kz
Күдікті оқиға орнынан із суытып үлгерген.

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында әлдекім дәмханада отырған жұртқа оқ атып, 4 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Тағы 5-еуі жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, ол ішке кіре салысымен жағалай адамдарға еш себепсіз оқ жаудырған. Күдікті оқиға орнынан із суытып үлгергендіктен, полиция, оның кім екенін әлі анықтай алмай жатқанын хабарлады.

Тегтер: АҚШ