Сирияның Түркия шекарасына жақын жатқан Камышлы қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 9 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, көлікке жасырылыған бомба іске қосылған. Лаңкестікті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды.
Еске сала кетейік, Түркия бірнеше күн бұрын Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастаған болатын. Содан бері екі елдің шекарасына жақын жатқан елді-мекендерде жарылыстар көбейді.