13.10.2019, 05:01

АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөз ілгеріледі

АҚШ астанасында өткен екі ел делегациясының кездесуінің нәтижесі осындай.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөзінде ілгерілеушілік пайда болды, деп жазады 24.kz.

Пекин ауылшаруашылық саласында келісімге келіп, Вашингтон Қытайдан әкелінетін тауарларға кезекті баж салығын кейінге шегерді. АҚШ астанасында өткен екі ел делегациясының кездесуінің нәтижесі осындай. Енді тараптар келіссөздің екінші кезеңіне кіріспек. Осыған байланысты Президент Дональд Трамп қос мемлекеттің арасындағы сауда соғысы аяқталуға жақын деп мәлімдеді. Бірақ келісім-шартқа қол қоюға әлі бірнеше апта қажет екенін айтады.

Тегтер: АҚШ