$ 494.87  520.65  4.91

Бір үйде тұратын егіздер әйелдерін шатастырып алады

Басылым мәліметінше, ерлі зайыптылар Москоу қаласында өмір сүреді екен.

АҚШ-тың Айдахо штатында 24 жыл бұрын егіз-бауырлар апалы-сіңілі егіздерді қолдарына қондырып, үйлену тойларын жасаған. Содан бері олар бір шаңырақтың астында өмір сүріп келе жатыр. Бір қызығы егіздер әлі күнге дейін әйелдерін шатастырып алады, деп жазады bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, ерлі зайыптылар Москоу қаласында өмір сүреді екен.

Олар күнде бір дастархан басында тамақтанады.
Үнемі төртеуі бірге саяхат жасайды. Тіпті, жұмыстары, шаш үлгілері, киімдері де бірдей. Ағайынды ер азаматтар әлі күнге дейін әйелдерін шатастырып алады. 

Олар 1991 жылы егіздер фестивалінде танысқан. Қазіргі уақытта Даг пен Джиллдің 19 жастағы қыздары бар. Есімі Райли.

Ал, Фил мен Дженаның 18 жастағы Тим есімді ұлдары бар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#егіздер