15.10.2019, 15:45

Әуежайдағы ереуілшілерге қарсы тәртіп сақшылары газ қолданды

фото: 24.kz
Жоспарланған 1066 рейстің 67-сін кейінге қалдырды.

Барселонадағы әуежайда ереуіл болып, соңы қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Эль-Прат әуежайына наразы халық каталондық саясаткерлерге сот үкімі шыққаннан кейін жиналған. Олар 2017 жылы заңсыз тәуелсіздік референдумын ұйымдастырған 12 адам негізсіз темір торға қамалғанын айтады. 

Мыңдаған ереуілші бірінші терминалды түгелдей басып алған. Сондай-ақ, әуежай ғимаратына кіретін жолды да қоршап алған. Салдарынан Aena компаниясы жоспарланған 1066 рейстің 67-сін кейінге қалдырды. Себебі, наразылық акциясы салдарынан жолаушылар ұшақ бортына уақытылы жете алмаған.  

Ереуілшілерді тарқату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданды. Зардап шеккендер мен тұтқындалған бар.