$ 445.66  474.58  4.78

«Дауыс ыдыс ішінен шықты»: тірі күйінде көмілген нәресте табылды

Ерлі-зайыптылар оны асырап алуға ниетті.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Үндістанда жерге көмілген нәресте тірі қалды. Оны ерлі-зайыптылар тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Баланы үш күннен кейін ерлі-зайыптылар тапты. Ерлі-зайыпты қайтыс болған қызын жерлеуге барады. Сол сәтте олар баланың жылағанын естиді.

«Бір сәтте мен қызым тіріліп кетті деп ойладым, бірақ дауыс ыдыс ішінен шықты», - дейді куәгер Хитеш Кумар.

Ерлі-зайыптылар бірден полиция мен жедел жәрдем шақырды. Қыз ауруханаға жатқызылды, қазіргі уақытта «гипотермия күйінде оттегі алып жатыр», - деп хабарлады ауруханадан.

Баланы құтқарған ерлі-зайыптының қазір оның қасында екендігі айтылды. Ерлі-зайыптылар оны асырап алуға ниетті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары