16.10.2019, 11:50

Ірі мұнай қоймасы өртенді

фото: inform.kz
Кей деректерге қарағанда, резервуарлардағы мұнай емес, этанол.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы ірі NuStar Energy мұнай қоймасы отқа оранды. Бұл туралы ҚазАқпарат Fox News телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, тілсіз жауды ауыздықтауға 200 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Мұнай қоймасы Крокетт елді мекенінде орналасқан. Жергілікті өрт сөндіру басқармасы үш резервуардың жанып кеткенін мәлімдеді. 

Кей деректерге қарағанда, резервуарлардағы мұнай емес, этанол. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, ешкім зардап шекпеген. Билік жергілікті тұрғындардан көшеге шықпауын әрі есік-терезелерді тас жауып алуын сұрап отыр.

Тегтер: қойма АҚШ мұнай