$ 494.87  520.65  4.91

«Туғаныңды өлтіргенмен бірдей»: шетелдіктер жылқысын сойып жеген қызды «тұқыртып» жатыр

«Жылқы еті – деликатес. Оны бәрібір өлтіруіміз керек болды. Кейін неге жемеске деп ойладым. Бұл біз жеген ең дәмді еттердің бірі болды», - деді Олден.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Әлеуметтік желідегі парақшасында түскі асын бөліскен 18 жастағы Норвегия тұрғыны жұрттан қатты сөз естіп қалды. Мәселе тағамның суретінде емес, неден әзірленгенінде болып отыр. Арасында оны қарғап, өлім тілегендер де болды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Қазан айының басында 18 жастағы Пиа Олден желідегі парақшасында өзінің атынан түскі ас әзірлеп ішіп жатқанын көрсетті. Сондай-ақ, бойжеткен жануарының қатты қиналғанын, осы себептен ата-анасымен бірге оны өлтіруге шешім қабылдағанын айтты. 

Олден аспаз мамандығы бойынша білім алып жатқандықтан, тағамды дәмді етіп әзірлеудің жолын біледі. 

«Аспаз ретінде жүрегім дәл осылай жасауым керегін айтты», - деп ағынан жарылды Пиа Олден. 

Мұнымен қатар, ол атының «дейін» және «кейін» суреттерін көрсетті. Аталған жазбадан кейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі желі қолданушылары оны жерден алып, жерге салды. Әртүрлі жағымсыз сөзбен балағаттап, оның бұл әрекетін еш түсінбейтінін жеткізді. Олденнің айтуынша, көбінесе әйел адамдар мен жылқы бағатындар ауыр сөздер айтқан. Олар, тіпті, өлім тілеп, бойжеткенді ешуақытта жылқыға жақындатпау керегін айтқан. 

«Олар үшін жылқыны сойып жеу – туғаныңды өлтіргенмен бірдей», - деді Олден. 

Бұдан өзге, бойжеткен осы әрекетімен жылқысына деген құрметін көрсеткісі келгеніне тоқталды. 

«Жылқы еті – деликатес. Оны бәрібір өлтіруіміз керек болды. Кейін неге жемеске деп ойладым. Бұл біз жеген ең дәмді еттердің бірі болды», - деді Олден. 

Десе де, бойжеткен мұншалық ауыр сөздер естуге еш дайын болмағанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары