$ 446.49  475.38  4.79

Қызметкерін 2 рет зорлаған бас редактордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сол күні редакцияда болған басқа журналистер Щеглованың шынымен де ішімдікті шамадан тыс көп қабылдап, қатты масайғанын айтады.

Ресейде "Великий Новгород" қалалық газетінің бас редакторы Михаил Боголюбов 33 жастағы журналист Алина Щеглованы зорлағаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды gazeta.ru-ға сілтеме жасаған Zakon.kz.

Жәбірленген әйелдің айтуынша, ол 27 қыркүйекте редакцияда болған корпоративка кезінде мас болып қалып, есін жиған кезде өзін Боголюбовтың зорлап жатқанын көреді.

Бас редакторға қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп жазады "Медуза".

Сол күні редакцияда болған басқа журналистер Щеглованың шынымен де ішімдікті шамадан тыс көп қабылдап, қатты масайғанын айтады.

Сосын 42 жастағы бас редактор мас әйелді өзімен бірге таксимен ала кететін болған: екеуінің тұратын үйлері бір маңда екен. Бұған әйел де келіседі. Өйткені, бас редактор әйелдің күйеуін жақсы таниды, екеуі бала кезден дос.

Жұрттың бәрі тарап кеткен соң, журналист пальтосын киіп, редакторы такси шақырғанша үстелдің басында күтіп отырған сәтте қатты ұйқыға кетеді. Зорланып жатқан кезінде бір-ақ оянады. Журналистің айтуынша, бас редактор оны екі рет зорлаған, бір рет кабинетте және екінші рет дәретханада.

Кейін Боголюбов қанша жалынғанымен, жәбірленуші кешірмеді: 30 қыркүйекте полицияға арыз жазды.

Алайда, бас редактордың әйелі полиция полковнигі екен. Соның салдарынан тергеу жөнді жүрмей жатыр. Іс алға жылжымай, ана тергеушіден мына тергеушінің қолына өтуде. Бас редактордың әйелі "арызыңды қайтып ал" деп жәбірленушіден талап етіп жүр екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары