Желі қолданушысы Элизабет Марица ұлының кереуетінен «елес баланы» көргенін айтты, деп хабарлайды sputnik.kz.
Әйел Facebook-тегі парақшасында қорқынышты түн туралы жазба қалдырды.
Иллинойс штатының тұрғыны баланың бөлмесін видеожазбадан көріп, қорқып кеткенін хабарлады. Кадрдан нәрестенің қасында жатқан «елес сәбидің» бет-әлпеті айқын көрінген.
Әйел түні бойы көз ілмей, баласына қол шаммен бармақшы болғанын айтты. Дегенмен балалар бөлмесіне тек таңертең кіруді ұйғарады, сол кезде ғана ол бұл матрацтағы жарнама жапсырмасы екенін түсінді. Баланың әкесі матрацқапты кигізуді ұмытып кетіп, баланың суреті төсек жаймасы арқылы жарқырап көрінген.
Жазба Желіде 477 мыңға жуық лайк жинады, оны 283 мың рет бөлісті. Жазбаға пікір қалдырғандардың көбісі әйелді баласынан хабар алмай, таңды күтіп отырғанын сынға алды.