22.10.2019, 09:15

Италияда дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген атқора өртенді

фото: Хабар 24
Зардап шеккендер жоқ.

 Италияның Турин қаласындағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген атқорада өрт шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Тілсіз жау тарихи ғимараттың біраз бөлігін жалмаған. Қазір оқиға орнында 6 өрт сөндіруші бригада жұмысын жалғастырып жатыр. Болжам бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу ісі басталды.