Ұлыбритания премьер-министрі парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол саяси шараны биылғы жылдың 12 желтоқсанына белгілеуді ұсынып отыр. Премьердің пікірінше, бұл – елді саяси дағдарыстан алып шығудың бірден бір жолы. Айта кеткен жөн, Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан биыл 29 наурызда шығуы тиіс еді. Алайда парламенттің төменгі палатасы Brexit шарттары туралы келісім жобасын үш мәрте кері қайтарған. Салдарынан Еуроодақ Brexit мерзімін 31 қазанға дейін ұзартуға келіскен. Енді бұл мерзім тағы 3 айға кейінге шегерілуі мүмкін деген болжам бар.