$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ Кубаға ұшатын барлық әуе рейстерін тоқтатты

Бұдан былай ұшақтар тек ел астанасы Гаванаға ғана қатынайды.

АҚШ Кубаға ұшатын барлық әуе рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұдан былай ұшақтар тек ел астанасы Гаванаға ғана қатынайды. Мемлекеттік департамент мәлімдемесіне сай, мұндай қадам кубалық режимнің табыс табуын тоқтату мақсатында жасалып отыр. Алайда Куба сыртқы істер министрінің сөзінше, әуе тасымалына қатысты шектеуден екі елдің де азаматтары зардап шегеді. 

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Сауда министрлігі Кубаға экспортталатын бірқатар тауар түріне экспорт ережелерін қатаңдатқан болатын. Олардың қатарында авиациялық техника лизингі мен телекоммуникациялық жабдықтарды жеткізу де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ #Куба