Мадрид полициясы пәтерлердің бірінен кемінде 15 жыл бұрын қайтыс болған 78 жастағы әйелдің мәйітін тапты, деп жазады Stan.kz.
Көршілері Изабел Ривераны соңғы рет 2004 жылдың қыркүйегінде көрген. Жергілікті тұрғындар оның пәтерінен шыққан иісті сезген, бірақ полиция олардың шағымдарына жауап бермепті.
Осы аптада екінші қабаттың терезесінен кірген өрт сөндіруші пәтерден мәйітті тапты. Құтқарушы Ривераның мәйітін ваннадан тапты.