Қытайда мұнай зауыты аймағында көлікке орнатылған сынақ жабдықтары жарылып, бес адам қайтыс болды. Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында мұнай зауытында машина жарылып, бес адам мерт болды, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Сондай-ақ үш адам хабар-ошарсыз кеткен. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 07: 00-де Yangcheng Oil Field мұнай кен орнының өндірістік алаңында болған. Хунань провинциясының (Орталық Қытай) энергетикалық компаниясына тиесілі көлікке орнатылған сынақ жабдықтары жарылған.
Дереккөз: 24.kz