28.10.2019, 16:45

«Күтпеген оқиға»: 67 жастағы кейуана бала босанды

фото: baq.kz
Дәрігерлер кейуананың денсаулығын 9 ай бойы бақылаған.

Қытайда 67 жастағы әйел қыз баланы өмірге әкелді. Шақалақ 2,6 келі салмақпен туылды. Бұл туралы Stan.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ауруханадағылар, 67 жастағы кейуананың босанғанын растады. Алайда, мән-жайды айтпады. Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта шақалақ дәрігерлердің бақылауында.

Дәрігерлер кейуананың денсаулығын 9 ай бойы бақылаған. 

Аталғандай, нәрестенің әкесі – қорғаушы, ал анасы – мейірбике. Олардың ересек ұлы мен қызы, сонымен қатар бірнеше немересі бар.