$ 494.87  520.65  4.91

Ереуілшілер Канада елшілігіне от қойды

Тәртіпсіздіктердің салдарынан бір полицей жарақат алды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Гаитиде ереуілге шыққан жұрт Канада елшілігін жандырғыш қоспасы бар бөтелкелермен атқылады, деп хабарлайды Хабар 24.

 Сондай-ақ, дипломатиялық миссия ғимаратын қоршауға алып, артынан өрт қойған. Тәртіпсіздіктердің салдарынан бір полицей жарақат алды. Жергілікті билік дипломаттардан кешірім сұрап, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Негізі, әлемдегі ең кедей мемлекеттің бірі Гаитиде ақпаннан бері ереуілдер басылмай тұр. Жұрт президент Жовенель Моиздің отставкасын талап етуде. Ереуілшілер елдегі экономикалық ахуал нашарлап, шенеуніктер арасында жемқорлық деректері көбейіп кеткенін айтып, қынжылып отыр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары