$ 498.34  519.72  4.85

Иракта полиция 300 ереуілшіні атып тастады

Тұрғындардың көбі ашқұрсақ жүр.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Иракта да жағдай ушығып барады, деп хабарлайды Хабар 24.

Багдад жұртының жаппай бас көтеруі тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 80-ге жуық адам мерт  болды, тағы жүзден астам тұрғын түрлі жарақат алған. Тахрир алаңына жиналғандар Ирактың экономикалық ахуалына көңілдері толмайды.

Айтуынша, елде жемқорлық пен жұмыссыздық белең алды. Аймақта ауыз су тапшы. Тұрғындардың көбі ашқұрсақ жүр. Естеріңізге салайық, осы айдың басынан бері үкіметке қарсы ереуілден 200-ден астам адам көз жұмды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары