АҚШ-та жүкті әйелдер мен баланы өмірге әкелген аналарға үкімет тарапынан төленетін қаржы қарастырылмаған. Тек босанған соң 12 ай төлемсіз еңбек демалысында болады. Сондықтан да америкалық аналар емшектегі сәбиімен жұмысқа шығуға мәжбүр, – деп хабарлайды Skifnews BBC NEWS порталына сілтеме жасап.
Америкадағы кез келген жұмыс орны бөпесін арқалап жүрген әйелдерге барлық жағдайды жасап беруге құқылы. Бірақ, жеке меншік компаниялар мен бірқатар мемлекеттік мекеме салғырттық танытып, өз міндеттерін толық орындамай отыр.
Осы жайтты ескерген ана мен бала жанашырлары қала көшелеріне аналарға арналған бала емізетін аялдамаларды көптеп салып жатыр. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көпшілік адам жүретін аймақта сәбиді тамақтандыратын арнайы орындарды көбейтуде. Қазір АҚШ-та жүріп сауда орнындарына бас сұқсаңыз ана мен балаға керекті жабтықтармен толтырылған бала емізетін арнайы дүңгіршекке көзіңіз түседі.