01.11.2019, 14:15

6 тұрғын үйдің күлі көкке ұшты

фото: 24.kz
Өрттің нақты шығу себебі анықталған жоқ.

Мексиканың Тихуана қаласында ушыққан өрттен 6 тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы 3 баспанаға зақым келген. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, өртті ауыздықтау үшін аймақта тұрған қатты жел кедергі болып тұр. Әзірге жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Апат орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Өрттің нақты шығу себебі анықталған жоқ.

Тегтер: үй өрт Мексика