$ 448.15  483.46  4.86

«Ерекше ұзын»: дәрігер әлемдік рекордты жаңартты

Рентген суреті тістердің біреуі ерекше ұзын екенін көрсетті.
фото: islamnews.ru
фото: islamnews.ru

Германияның Оффенбах қаласындағы тіс дәрігері емделушісінің ұзындығы 3,7 сантиметр тісін жұлып, әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасап tengrinews.kz. 

Науқас 2018 жылы тіс дәрігеріне жақтың жоғарғы бөлігінің ісінуі мен қатты ауырсынуына шағымданған.

Рентген суреті тістердің біреуі ерекше ұзын екенін көрсетті. Дәрігер Макс Лукас оны дереу алып тастауға кеңес берген, кейін ота кезінде тіс суреттегіден де ұзын болып шыққан. Дәрігер Гиннесс рекордтар кітабына кіру үшін қажетті құжаттарды жинау және тісті тексерту үшін бір жыл уақыт жұмсаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тіс дәрігері