$ 498.34  519.72  4.85

Шавкат Мирзияев ағаштарды кесуге қатаң түрде тыйым салды

Мораторий енгізу туралы президент жарлығында экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті, Өзбекстанның экологиялық партиясы және қоғам өкілдерінің ұсынысына сілтеме жасалған.
Фото: Жас Алаш
Фото: Жас Алаш

Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияев бағалы ағаш түрлерін кесуге мораторий жариялады. Оның мерзімі 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап, 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады, деп хабарлады "Жас Алаш" газеті Азаттық Радиосына сілтеме жасап. 

Мораторий енгізу туралы президент жарлығында экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті, Өзбекстанның экологиялық партиясы және қоғам өкілдерінің ұсынысына сілтеме жасалған.

Бұл уақыт аралығында мемлекеттік орман шаруашылығы қорына енбеген ағаш пен бұтаның бағалы түрлерін кесуге тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары