$ 443.35  475.54  4.82

125 000$: Түріңізді сату туралы ойлап көрдіңіз бе?

Жоба келер жылы жүзеге асырылады екен.

Түріңізді сату туралы ойлап көрдіңіз бе? XXI ғасырда бәрі мүмкін. Сіздің түріңіз үшін қомақты сома ұсынылады – 125 000$. Мұндай хабарландыруды шетелдік Geomiq компаниясы жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Аталмыш компания робот жасаумен айналысады. Роботтарды адамға барынша ұқсату үшін адамдардың түрін сатып алуды көздеп отыр. Яғни, түріңізді сатып алса, әлемде дәл сіз секілді робот пайда болады.

Гуманоид-роботқа арналған түрді компания 125 мың долларға сатып алмақ. Мұндай роботтар қарт адамдарға күтуші ретінде пайдаланылады. Сондықтан үміткерлерге қойылатын басты талап – түрі мейірімді болуы тиіс.

Жоба келер жылы жүзеге асырылады екен.

Өтінім мен фотосуретті faces@geomiq.com электронды поштасына жіберуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары