07.11.2019, 05:05

Ресей мен Түркия әскері Сирия шекарасын барлау жұмысын аяқтады

Іс-қимылға 8 әскери техника, екі брондалған автокөлік пен екі елдің 50-ге жуық жасағы жұмылдырылды.

Сирия шекарасында Ресей әскері мен Түркияның шекара қызметі аймақты барлау жұмысын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Іс-қимылға 8 әскери техника, екі брондалған автокөлік пен екі елдің 50-ге жуық жасағы жұмылдырылды. Ал қауіпсіздікті «Орлан-10» ұшқышсыз аппараты қамтамасыз етті. Аймақты тору барысында әскерилер екі сағаттың ішінде өңірдегі елді-мекендерді аралап шыққан.  Айта кетейік, Ресей мен Түркияның біріккен әскери қимылы, аймақта екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Ал біріншісі КобАни аймағында болды.

Тегтер: Түркия Ресей