$ 494.87  520.65  4.91

«Өзін-өзі жарып жіберген» әл-Бағдадидің әйелі қолға түсті

Әбу Бәкір әл-Бағдадидің қанша әйелі болғаны әзірге белгісіз.

Түркия әскери қызметкерлері жақында өлтірілген «Ислам мемлекеті» террор ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің бір әйелін қолға түсірді. Бұл ақпаратты Түркия президенті Режеп Ердоған мәлімдеді. 6 қарашада Анкара университетінде сөйлеген ол операцияның жай-жапсарын айтпады, деп хабарлайды azattyq.org.

«Біз оның әйелін ұстадық, бірақ шу көтерген жоқпыз. Сирия аумағында одан бөлек оның әпкесі мен күйеу баласы ұсталды» деді Ердоған. Ол әл-Бағдадидің әйелін әскерилер қашан қолға түсіргенін де айтпады.

Әбу Бәкір әл-Бағдадидің қанша әйелі болғаны әзірге белгісіз. AP агенттігінің жазуынша, оның төрт әйелі болған. Ирактағы құпия дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі оның үш әйелі болғанын айтады.

5 қарашада түрік әскерилері әл-Бағдадидің әпкесін қолға түсіргенін айтқан. Расмия Авад Сирияның солтүстік-батысында жасырынған. Онымен бірге оның күйеуі, келіні, бес баласы қамауға алынған.

«Ислам мемлекеті» террор ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл - Бағдади өткен айда АҚШ әскерінің арнайы операциясы барысында өзін-өзі жарып жіберген. Осы рейд кезінде «Ислам мемлекеті»туралы маңызды ақпараттары болуы мүмкін құжаттар табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ДАИШ #Сирия