09.11.2019, 23:50

Шенеуніктің шашын кесіп, қызыл бояумен бояп тастады (ВИДЕО)

Бір топ адам оны «қанішер» деп айғайлады. Қызметінен кетуін талап етіп, ары қарай демонстранттар ғимаратты қиратып, өртеген.

Боливияда наразылық білдірушілер үкіметке қарсы демонстрациялар кезінде шағын Винто қаласының мэріне шабуыл жасады. Әйелдің шашын кесіп, қызыл бояумен бояп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

Шабуыл демонстранттар арасында үкіметшіл белсенділермен қақтығыс кезінде үш демонстранттың өлтірілгендігі туралы қауесеттен кейін жасалған. Бір топ адам оны «қанішер» деп айғайлады. Қызметінен кетуін талап етіп, ары қарай демонстранттар ғимаратты қиратып, өртеген.  

Мэр ауруханаға жеткізілген. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Еске салсақ, Боливияда 20 қазанда президент сайлауы өтті, Эво Моралес төртінші мерзімге сайланды. Алайда оның қарсыласы Карлос Меса санау нәтижелеріне келіспеген. Моралес елдегі жаппай наразылық акцияларын оның қайта сайлануына қарсылық танытқандар тарапынан жасалып жатқан мемлекеттік төңкеріс әрекеті деп атады.