$ 498.34  519.72  4.85

17 полицей бір мезетте әке атанды

Вaby boom департамент үшін рекорд болыпты. Офицерлер өз арасында бұл мүлікке салықты көтергендіктен орнаған рекорд деп қалжыңдасты. Осыдан кейін қызметкерлердің жалақысы көтеріліпті.
Фото: twitter.com
Фото: twitter.com

АҚШ-тың Миссури штатындағы Джефферсон аймағында бірге қызмет ететін 17 полицей бір жыл ішінде әке атанған. Департаментте бар-жоғы 175 қызметкер бар деп хабарлайды Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Вaby boom департамент үшін рекорд болыпты. Офицерлер өз арасында бұл мүлікке салықты көтергендіктен орнаған рекорд деп қалжыңдасады. Осыдан кейін қызметкерлердің жалақысы көтеріліпті.

Офицерлердің бірі мұны жай ғана кездейсоқтық деп есептейді. Оның сөзінше, көп жалақы отбасын асырауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бала - адам өміріндегі ең үлкен қуаныш.

Жалақысы көтерген полицейлер енді әкелік еңбек демалысына да шыға алады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары