Бұл туралы президент Хасан Рухани мәлімдеді. Жаңа кен Хузестан аймағының оңтүстік-батысынан шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Болжамға қарағанда, оның көлемі 50 миллиард баррельді құрайды. Бұл Иранда Ахваздағы мұнай кен орнынан кейінгі екінші ірі кен көзі болуы мүмкін. Ел басшысының айтуынша, енді Иранның мұнай қоры үш есеге артады. Яғни, оның жалпы көлемі 150 миллиард баррельге жетпек.
Айта кетейік, АҚШ өткен жылы Иранмен жасалған ядролық келісімнен бас тартып, санкцияларды қалпына келтірген болатын. Оның ішінде Ираннан мұнай сатып алуға тыйым да бар.