$ 491.7  531.28  5.07

Ерлер дауысын естімейтін қыз дәрігерлерді таңғалдырды

Дәрігерлердің пайымдауынша, Чэннің есту қабілетінің нашарлауына күйзеліс себеп болыпты.

Қытайдың Сямынь қаласының Чэнь есімді тұрғыны дәрігерлерге құлағының естімей қалғанын айтып, шағымданды. Бір қызығы, ол ерлер қауымының даусын естімегенімен, әйелдердің даусын жақсы естиді екен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Бір күні Чэнь өз жігітінің даусын естімей қалған. Сол себепті, бірден ауруханаға барған. Бойжеткен әйел дәрігерлерді естіп, ер дәрігерлердің не айтып жатқанын ести алмапты. Оны қараған дәрігер Чэннің есту қабілетінің төмендегенін анықтаған.

Қытайлық бойжеткенде болған жағдай 13 мың адамның бірінде ғана кездеседі екен. Дәрігерлердің пайымдауынша, Чэннің есту қабілетінің нашарлауына күйзеліс себеп болыпты.

Мұндай жағдайда адамдар тек ер азаматтардың даусын ғана емес, мәселен, тоңазытқыштың дыбысын да естімейді екен.

Чэнь бұл жағдайдың алдында түнге дейін жұмыс істеп, дұрыс ұйықтай алмағанын алға тартты. Дәрігердің сөзінше, осының салдарынан оның құлағы естімей қалыпты.

Чэнь бірден дәрігерлерге көрініп, аурудың асқынуына жол бермеген. Қазіргі уақытта бойжеткен ем алып жатыр, ол өзінің сүйіктісінің дауысын естуге асығып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары