17.11.2019, 18:24

Науқас әйеліне лотерея билетін сатып алған азаматтың өмірі күрт өзгерді

Фото: pixabay.com
Ол үйдің ішін науқас әйеліне барынша ыңғайлы етіп жасауды да жоспарлап отыр.

Ұлыбритания тұрғыны Кевин Фрэнсис миллион фунт стерлинг (500 млн теңгеге жуық) ұтып алды. Ол ауырып жатқан әйеліне лотерея билетін алған, деп хабарлайды Daily Mirror-ге сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Ер адам 75 жастағы әйеліне сыйлық жасамақ болыпты.

"Бренданың денсаулығы сыр берді. Сондықтан  скретч-карталар көңіл-күйін көтереді деп шештім. Мен миллион ұтқаныма сенбедім. Билетке қайта-қайта қарай бердім. Бір сағат бойы әйеліме ұтыс туралы айтқан жоқпын. Ал айтқан кезде ол тіпті сенбеді", — дейді Фрэнсис.

Ұлыбритания тұрғыны қаражатты қымбат көлік пен саяхатқа жұмсамайтынын айтты. Алайда өзінің бұрынғы арманын орындайды. Ол суда жүзуді үйренбек.

"Мен үнемі теңіз жағалауында тұратынмын. Жүзу білмеймін. Үйренуге ақшам да, уақытым да болмады. Енді осындай мүмкіндік туды", — дейді ер адам.

Ол үйдің ішін науқас әйеліне барынша ыңғайлы етіп жасауды да жоспарлап отыр.