Жер бетіндегі ең қарт блогер Алефтина Груздкова Екатеринбургте тұрады. «Ардагерге бастапқыда әлеуметтік желіде парақша ашуға немересі Константин Перминов көмектескен», деп жазады aikyn.kz, Life сайтына сілтеме жасап.
Алефтина Груздкова күн сайын парақшасына оқыған кітаптарынан үзінді, соғыс жылдарынан фото, тіпті кейде ІІ Дүниежүзілік соғыстың видеоларынан үзінді салып отырады.
Әженің инстаграм парақшасында жазылушылары мен оқырмандары көп. Тіпті, «тарихта ізі қалмаған деректерді сіздің парақшаңыздан тауып, оқып жатырмыз» деп алғыс айтатындар да бар екен. Кәрілік жеңіп, денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатып қалған кездері де строизін күн сайын жаңалап, арнайы пост жазып отырады. Қарт блогер әлеуметтік желінің мүмкіндігін тарихты түгендеп, жастар біле бермейтін құнды деректерді насихаттауға пайдалану қажет деп санайды.