$ 446.49  475.38  4.79

Ұлыбританияда арбаға жегілген иттер жарысы өтті

Оған әлемнің 15 елінен 150-ден астам команда келген.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Ұлыбританияда арбаға жегілген иттер жарысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оған әлемнің 15 елінен 150-ден астам команда келген. Жарыс ережесіне сай, сайысқа тек хаски мен маламут секілді белгілі бір ит тұқымдары ғана қатыстырылды. 

Бұған қоса, шара ұйымдастырушылары иттер сынға түсер алдында оларға арнайы чип тағып, мәре сызығын кесіп өткен соң ветеринарлардың қарауына жіберіп отырған. 

Дәрігерлер болса, әлгі чиптерді сканерлеп, төрт аяқтылардың дода барысында алмастырылмағанына көз жеткізіп отырған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары