Австрия билігі 1889 жылы Браунау-на-Инн қаласында өмірге келген болашақ нацистік диктатор Адольф Гитлердің үйін полиция бөлімшесіне айналдырмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.
2017 жылы Австрияның конституциялық соты бұл үйдің экспроприациялануына байланысты заң қабылдаған. Олар тартып алынған үй неонацистердің жиналатын орталығына айналып кетуі мүмкін деп сақтанған. ІІМ өкілдері баспана иесіне 812 мың еуро өтемақы төленгенін хабарлады.
«Полицейлердің болашақта осы үйді қолдануы ғимарат ұлтшыл-социализмді еске түсірмейтінін анық көрсетуі тиіс», - деп мәлімдеді Австрия ІІМ басшысы Вольфганг Пешорн.
ІІМ-нің баспасөз хабарламасында ғимаратты қайта жоспарлау үшін билік өкілдері ЕО аясында сәулет байқауына бастамашылық ететіні және оның нәтижелері 2020 жылдың бірінші жартысында белгілі болатыны жазылған.