$ 494.87  520.65  4.91

Әйел 32 жылын ұйқысыз өткізіп келеді

58 жастағы британдықтың айтуынша, қызын босанғаннан бері ұйықтамаған.

Ұлыбритания тұрғыны Мишель Таунсенд 32 жыл бойы ұйқысыздықтан арыла алмай келе жатқанын айтты, деп жазады Stan.kz.

58 жастағы британдықтың айтуынша, қызын босанғаннан бері ұйықтамаған. 

«Қызымды тапқан кезде басталған еді мұның бәрі. Ол көп жылайтын, сондықтан мен мүлдем ұйықтай алмайтынмын», - дейді Мишель. 

Дей тұрғанмен ол  1-2 минут көз шырымын алады. Жылдар бойы Мишельдің қолданып көрмеген емі жоқ: ұйықтататын дәрі, гипноз, йога. Алайда ештеңе көмектеспеген. Жұбайына бөгет болмайын деп өзі жеке жатады. Мишельдің бұл мүшкіл халіне дәрігерлер көмектесе алмапты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұлыбритания