Францияда Реюньон аралының жағалауынан акула ұсталды. Оның асқазанынан жоғалып кеткен туристің қолы табылған. Шотландиялық турист Ричард Мартин Тернер аралдың «қауіпсіз» аймағында жүзіп жүрген.
Сенбі күні 44 жастағы турист жоғалып кеткен. Ол 40 жастағы келіншегімен бірге бес жұлдызды қонақ үйге тоқтаған.
Жұбайы жоғалып кеткен жолдасын іздеген. Бірнеше күннен кейін жағалаудан акула байқалған. Жыртқышты ұстаған. Оның асқазанынан сол жоғалып кеткен туристің қолы шыққан.