Жасанды сана ғалымдарға Уильям Шекспир пьесасындағы жұмбақтың шешімін табуға көмектесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz, РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Мамандар бұрыннан "Генри VIII" пьесасы - ұжымдық еңбектің өнімі екенін анықтаған. Алайда, оның қай бөлігін Шекспир жазғанын, ал қай бөлігін екінші автор Джон Флетчер жазғанын білмейтін.
Жасанды сана бойынша чехиялық маман Петр Плехач жазушының стилін зерттеп, оның еңбектерін табуға көмектесетін алгоритм ойлап тапқан. Соның нәтижесінде, Флетчер бірнеше сахна құрастырған, оның ішінде көп бөлігі екінші жартысынан басталады. Пьесаның кейбір жерін алгоритм бірлесу арқылы жазылған деген шешімге келді.
Шекспир мен Флетчердің шығармалары ұқсастығын 1850 жылы Джеймс Спеддинг байқаған. "Генри VIII" бойынша сараптама нәтижесі оның болжамына ұқсас келген.
Айта кетейік, осыған дейін ғалымдар сұйық саналы роботты ойлап тапты. Ал америкалықтар "Libratus" жасанды сана жүйесін құрастырды, ол покерден турнир кезінде мықты деген төрт ойыншыны жеңген.