$ 494.87  520.65  4.91

Неміс фермерлері жаппай наразылыққа шықты

Шаруалар биліктің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа шараларына ашулы.

Неміс фермерлері үкіметтің аграрлық саясатына наразылық білдіріп, жүздеген трактормен Берлин орталығын жауып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаруалар биліктің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа шараларына ашулы. Себебі үкімет фермерлердің зиянкестерге қарсы сұйық көң мен глифостатты қолдануға тыйым салмақ. Шаруалар жаңа тәртіп олардың кәсібін қиындатады деп отыр. Жалпы наразылық акциясына 40 мыңға жуық фермер қатысты. 

Йоханна Мандельков, фермер: 

– Біз ақпарат құралдарынан фермерлер қоршаған ортаны қорғауға үнемі қарсы дегенді естиміз. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Керісінше фермерлер табиғатқа тәуелді екенін жақсы түсінеді. Олар тек мұндай шаралар ауыл шаруашылығының болашағын қиындатады деп алаңдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары