$ 494.87  520.65  4.91

Әкімшілік ғимаратқа шабуыл жасалды

Бір топ шабуылшы оқ жаудырған.
фото: Ernur.kz
фото: Ernur.kz

Мексиканың Вилья Унион қаласында әкімшілік ғимаратына шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оны есірткі картелі мүшелері ұйымдастырған. 

Қалаға 7 жабық көлікпен кірген бір топ шабуылшы жағалай оқ жаудырған. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына  жетіп, қылмыскерлерге тойтарыс берген. Салдарынан 14 адам қаза тауып, 6 полицей жараланды. Қазір олар ауруханада жатыр. Ал шабуылға не себеп болғаны белгісіз. Қанды оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары