Үндістанда 26 жастағы қыз жоғалып кеткен. Кейін белгілі болғандай, төрт жігіт оны зорлап, артынша өртеп жібергені анықталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі The Guardian сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 27 қарашада Үндістанның Хайдарабад қаласында болған. 26 жастағы қыз кешке скутерін тұраққа қойып, өзі кетіп қалған. Мұны көрген төрт жігіт арам ойларын жүзеге асыру үшін скутердің доңғалағын тесіп қояды. Қыз қайтып келгенде, олар көмек қолын созғандай кейіп танытып, артынша қызды жақын маңдағы қараусыз қалған ғимаратқа апарып, зорлайды. Ол айқайламауы үшін тұншықтырып өлтірген.
Арам пиғылдарын жүзеге асырып болған соң, қылмыскерлер қыздың денесін жүк көлігіне салып, көпірдің астында өртеп жіберген.
Ветеринар қыздың денесін келесі күні жергілікті тұрғындардың бірі тауып алады.
Белгілі болғандай, қыз қайғылы оқиғадан бұрын отбасына хабарласып үлгеріпті. Ол скутерінің сынып қалып, орта жолда қалып қойғаны туралы айтқан. Қыз үйіне қайтып келмеген соң, туыстары полицияға шағым түсірген. Алайда тәртіп сақшылары қызды іздеуге асықпаған. Ақыр аяғында мұндайға жол берген үш полицей жұмыстан шығарылды.
Қызды зорлап өлтірді деп күдіктелген төрт жігіт ұсталды.
Жантүршігерлік оқиғадан кейін Үндістанда наразылық акциялары басталды. Жүздеген әйел көшеге шығып, әділ тергеу жүргізуді талап етті.