Англияның Труро қаласы, Корноулл графствосынан шыққан миллионердің ұлы есірткіге тәуелді болып, 21 жыл бойы қаңғып жүрген, деп хабарлайды Stan.kz, Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Райан Стаффьер (Ryan Staffiere) бай отбасынан шыққан және бала кезінде жеке меншік мектепке барған. Бірақ, 11 жасынан бастап марихуана шеге бастайды да, кейін барлық есірткіге әуестенеді. Сөйтіп, 20 жасында героинге толық тәуелді болады. Ата-анасы ұлын бұл жаман әдетінен арылта алмайды. Емдік шаралардың ешбірі көмектеспеген соң, ақыры Райанды үйден қуып жібереді.
Британдық жігіт 93 рет сотты болған. Жақында ол мас күйінде полиция көлігіне кіріп кетіп, құқық қорғаушылардан үйіне апарып тастауын өтінген.
Стaффьердің айтуынша, уақыт өте келе көшеде қонуға "еті үйреніп" кеткен. Үйсіз жүрген адам үшін ең сорақысы жаңбырда суға малшынып, үстіңді құрғататын жер таппау екенін мойындайды ол. Уақыт өткен сайын туыстарымен қайта татуласқысы келеді, бірақ, өткен Рождествода көп ішіп қойғаны үшін анасының үйінен қуып жіберген.
Сондай-ақ, Стаффьердің 10 жастағы қызы бар, бірақ, екеуі араласпайды. Қыз баланың да анасы нашақор болған, есірткі дозасын асыра сілтегені үшін көз жұмған. Бүгінде қызы Стаффьердің отбасымен тұрып жатыр.
Қызымен қайта қауышу үшін Стаффьер ребилитациядан өтпекші. Қазіргі таңда қонақ үйде тұрып жатыр. "Кішкентай пәтер тауып, ит асырағым келеді әрі көлік жүргізуді үйренгім келеді", - дейді ол.
Толық жазылғаннан кейін, үйсіз адамдарға көмектесіп, оны өз кәсібі ету арманы екенін айтты.