Украина Президенті Владимир Зеленский 7 адамның өліміне алып келген Одесса колледжінде болған өртке байланысты 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, Украинформға сілтем жасап.
«Бүкіл Украинада аза тұту күнінде: мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінде және ғимараттарында Украинаның Мемлекеттік Туы түсірілсін; ойын-сауық және концерттік шаралардан бас тартылсын, теледидар мен радио бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілсін», - делінген Президент Жарлығында.
Владимир Зеленский бұл шешіміне Facebook-те пікір білдіріп, осы қайғылы оқиға барлық шенеуніктер, басшылар, барлық Украина азаматтары үшін сабақ болуы керектігін айтты.
Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Одессаның Экономика, құқық және қонақ үй мен мейрамхана бизнесі колледжінде өрт болып, 7 адам қаза тапқан еді.