Жуырда осы ауруға қарсы вакцина шығаратын Johnson & Johnson компаниясы Руанда мемлекетіне 200 мың вакцина жіберетінін хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дертке шалдыққандардың көбі шекаралас Конго демократиялық Республикасына барып келгендер. Осыған орай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Конгодан таралған қауіпті вирус өзге елдерге де қатер төндіріп отыр деп дабыл қағып отыр. Ұйымның мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін эболадан 2 мыңға жуық адам қаза тапты. Ал ауруды жұқтырғандардың саны еселеп артады.